AZAL ұшағының апаты: Қаза тапқандардың жақындары Ақтауға аза тұтуға келді

Желтоқсан 23, 2025 - 17:24
 0  2
AZAL ұшағының апаты: Қаза тапқандардың жақындары Ақтауға аза тұтуға келді
Фото: Telegraf.kz

Ақтауға AZAL әуе компаниясының Embraer ұшағы экипажы мүшелерінің туыстары арнайы келді. Олар былтыр «Баку – Грозный» бағытымен ұшқан рейс апатында қаза тапқан азаматтардың жақындары. Делегация сапары әуе апатының бір жылдығына байланысты ұйымдастырылған, деп хабарлайды sadaq.kz.

Әзербайжанның Ұлттық қаһарманы Хокума Әлиеваның ағасы Джошгун Насиблидің айтуынша, делегация құрамына Ұлттық қаһармандар Игорь Кшнякин мен Александр Кальяниновтың туыстары, сондай-ақ апат кезінде көз жұмған бірнеше жолаушының отбасы мүшелері кірген.

«Сапарды ұйымдастыруға қолдау көрсеткен Қазақстандағы Әзербайжан консулдығына және AZAL әуе компаниясына алғысымызды білдіреміз. Мемлекет басшысының табандылығының арқасында бұл істің әділ шешімін тауып, кінәлілер жауапқа тартылады деп сенеміз. Қайғылы оқиғаға құқықтық баға беріліп, шындық толық ашылғанда ғана жүрегіміз тыныш табады. Сондай-ақ Қазақстандағы отандастарымызға көрсеткен қолдаулары үшін ризашылығымызды білдіреміз», – деді Джошгун Насибли.

Айта кетейік, 2023 жылғы 25 желтоқсанда «Баку – Грозный» бағытымен ұшқан AZAL әуе компаниясының ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшыраған болатын. Қайғылы оқиға салдарынан 38 адам қаза тауып, 29 жолаушы түрлі жарақат алған. Қазіргі таңда апат себептерін анықтау бойынша тергеу жалғасып жатыр және іс халықаралық бақылауда.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0