"Ажырасамын болды": Үшінші рет үйленген Жахан Отарғалиев күтпеген мәлімдеме жасады

Шілде 31, 2025 - 14:25
Шілде 31, 2025 - 15:04
"Ажырасамын болды": Үшінші рет үйленген Жахан Отарғалиев күтпеген мәлімдеме жасады
фото: видеодан скриншот

Танымал әзілкеш Жахан Отарғалиев жеке парақшасында жазбасымен жұртты алаңдатты, деп хабарлайды Stan.kz.

Өнер иесі отбасындағы ажырасу мәселесін қозғады.

“Ажырасам болды. Әйелім кетіп қалды. Анам екеуміз қалды. Депрессия мен стрессте жүрмін. Баламды әйелім алып кетті. Бәрінен шаршадым” деп бір бауырымыз хабарласады. 15 минут сөйлестік. Өздеріңіз білесіздер, менің өмірімде нендей жағдайлар болғанын. Білмейтіндеріңіз қаншама?! Мен психолог емеспін.

Бірақ барынша кеңес беруге тырыстым. Көп уақыт өтпей әлгі жігіттен хабар алдым. Әйелі екіқабат екен. Ажыраспайтын болыпты. Дүниеге келетін ұлының атын Жахан қоямын дейді. Достар, бұйырса дүниеге тағы бір Жахан келеді. Менің бір сөзім бір адамның өмірінің өзгеруіне себеп болады деп ойламаппын. Бірақ жүректен шыққан сөз жүрекке жетеді екен”, – деп жазды актер.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow