«Ажырасып кетсем де көтермес едім»: Қайын атасына құрмет көрсеткен күйеу балалар жұртқа жақпай қалды (ВИДЕО)
Желіде қайын атасын көтерген төрт күйеу баланың видеосы тарады, деп хабарлайды sadaq.kz.
Қайын атасын 50 жас туған күнінде тойханаға көтеріп шыққан төрт күйеу баланың әрекеті желіні шулатты.
Мерейлі 50 жасқа толған. Елі "Қызылқұрт-Әлібек" Мұсаев Шәріпханды төрт күйеу баласы тойға көтеріп шықты, - деп жазды видео авторы.
Желі қолданушылары бұл көрініске қатысты түрлі пікір білдірді. Бірі күйеу балалардың бұл ісін мақтаса, енді бірі даттай жөнелді.
"Қызымен ажырасып кетсем де көтермейтін едім", "Осылай істесем өз әкемнің бетіне қалай қараймын?", "Мен көтеретін едім. Келіншегім 17 жыл бойы менің ата-анамды өз баласындай күтті", "Пікірді оқып ренжідім. Қазақта үлкенді сыйлау деген бар. Жап-жақсы көрініс", "Өз әкелеріңді негее көтермейсіңдер? Не болды сонша, жігіттер?", - деп жазды олар.
Сіздің реакцияңыз қандай?