Азия ойындары: Тамирлан Тілеулес ел қоржынына тарихи алтынды салды
Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында Қазақстан таеквондодан тарихи нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Ерлер арасында 58 кг дейінгі салмақтың финалында отандасымыз Тамирлан Тілеулес финалда Курт Брайан Барбозамен күш сынасты. Тартысты жекпе-жекте отандасымыз жеңіске жетіп, қазақтан шыққан тұңғыш Азиада жеңімпазы атанды.
Осыған дейін сары құрлық бәсекесінің ақтық сынына 3 отандасымыз шығып, күміс жүлдені місе тұтқан. Олар:
Феруза Ергешова (Гуанчжоу-2010, 73 кг)
Нұрсұлтан Мамаев (Инчхон-2014, -58 кг)
Жансель Дениз (Джакарта-2018, 73 кг)
Енді бүгін Тамирлан финалдағы осы сәтсіз серияға нүкте қойды.
Бүгін Тілеулес алғашқы айқасында Оман өкілінің, ширек финалда әлем чемпионы Аболфазл Зандидің жолын кесті. Ал жартылай финалда Оңтүстік Корея өкілі Ан Хянсикті ұтқан (2-1).
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0