Баку Әзербайжан-Армения бейбіт келісімі жобасын жариялады

Әзербайжан сыртқы істер министрлігі Баку мен Ереван арасындағы парафирленген бейбіт келісімнің 17 тармақтан тұратын мәтінін жариялады, деп хабарлады Азаттық радиосы.
Бұл құжатқа қарағанда, тараптар бір-біріне қарсы күш қолданудан бас тартады, бөлек келісім аясында шекара делимитациясын жүргізеді, сондай-ақ бейбіт келісім шарттарын орындауды қадағалау жөнінде ортақ комиссия құрады.
Сонымен қатар келісім күшіне енгенде Әзербайжан мен Армения бір-біріне қарсы берген халықаралық сот шағымдарын қайтарып алмақ.
8 тамыз күні Вашингтондағы кездесуде Әзербайжан президенті Илхам Әлиев пен Армения премьер-министрі Никол Пашинян әскери қақтығыстан бас тартып, дипломатиялық қарым-қатынасты қалыпқа келтіруге келісті.
"Олар 35 жыл бойы соғысты. Енді олар достасып отыр" деді Трамп үшжақты келісімді қорытындылап.
Ал Әлиев пен Пашинян Трампты Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсынды.
Келіссөз қорытындысы бойынша, Армения аумағы арқылы өтетін Зангезур дәлізін 99 жыл бойы америкалық компания бақылайтын болды. Бұл дәліз "Трамптың бейбітшілік пен өркендеуге арналған жолы" (Trump Route for International Peace and Prosperity, немесе TRIPP) деп аталды.
Зангезур дәлізі Әзербайжанды Нахчыван дейтін эксклавымен жалғамақ.
Сіздің реакцияңыз қандай?






