«Бала өртеніп, ұшақ құлағанда жүрегі сыздамаған»: Майғазиевтің тойына барған Бас мүфти сынға қалды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тағы да сынға ұшырады. Бас муфти Наурызбай Өтпенов әнші Сәкен Майғазиевтің тойына барам деп сөзге қалды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Халыққа ортақ проблемаларда бой көрсетпей қалатын Бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлы әншінің тойына арнайы Астанадан жетіп келген. Еліміздің бас молдасы тойда бата жасады.
«БҚО-да бес бала өртеніп өлгенде жаназаларына бармаған, Ақтауда ұшақ апатқа ұшырағанда құран бағыштамаған, Астанада автобус апатынан шынашақтай қыз екі аяғынан айырылғанда жүрегі сыздамаған Бас мүфти бүгін Сәкен Майғазиевтің ұлының тойында бата беріп жүр. Той дегенде қу бас домалайды деген рас-ау?!», — деп сынға алды журналист Диас Нұрақын.
Сіздің реакцияңыз қандай?






