«Балада нелерің бар?»: Ерке Есмахан оқырмандарына ашуланып, ренішін білдірді
Танымал әнші Ерке Есмахан желідегі парақшасында өзін сынағандарға жауап беріп, жазба жариялады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Әншінің оқырмандарының бірі ұлы Исламның суретіне орынсыз пікір қалдырып, әншінің ашуына тиген. Соңғы кезде желілерде Ерке Есмаханның Раймның бұрынғы сүйіктісіне қатысты қызғаныш танытып жүргені туралы әңгіме тарап, әншіге жағымсыз пікір жазатындар көбейген.
«Балада нелерің бар? Мені әурелей беріңдер, балаға тиіспесеңдерші. Мені талқылай беріңдер. Бірақ, өз комплекстеріңді маған ілмеңдерші. Мен парақшама бірдеме салсам бірдеңе дәлелдегісі келеді деп домалап кететіндерің не? Мың жылдан бері жүргізіп келе жатқан парақшам ғой. Менің әлсіз жерімді әлі таба алмай жатырсыңдар. Тізіп айтып жатқандарыңның ешқайсысының салмағы жоқ. Жаудың да таңдап ал мықтырағын деген сөз бар. Мықты болыңдар. Ал кешегі концертіме риза болған оқырмандарды жақсы көремін», – деп жазды әнші.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
1
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0