«Балаларды отбасының жағдайына қарай бөлуге болмайды»: Мұрат Әбенов жәрдемақы берудің жаңа тәсілі туралы айтты

Қазан 5, 2026 - 11:49
chat_bubble  0 visibility  4
«Балаларды отбасының жағдайына қарай бөлуге болмайды»: Мұрат Әбенов жәрдемақы берудің жаңа тәсілі туралы айтты
фото: әлеуметтік желіден

Халық кеңесінің мүшесі Мұрат Әбенов мемлекет тарапынан бала дүниеге келгенде берілетін жәрдемақыны отбасының табысына қарай бөлуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды sadaq.kz.

Әбенов әлеуметтік желідегі жазбасында әр бала мемлекеттен тең қолдау алуы тиіс екенін айтты.

«Сәбиді «бай» мен «кедейге» бөлуді тоқтату керек! Әр бала мемлекеттен тең қолдау алуы тиіс!» – деп жазды ол. 

Оның пікірінше, балаға берілетін қолдау ата-анасының табысына байланысты болмауы керек. Себебі отбасының әлеуметтік жағдайы уақыт өте өзгеруі мүмкін.

Сонымен қатар ол отбасыларды «мұқтаж» және «ауқатты» деп бөлу қағазбастылық пен жемқорлыққа әкелуі мүмкін екенін атап өтті.

«Баладан үнемдеу – елдің болашағынан үнемдеу!» – деді Мұрат Әбенов.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0