Балалы әйелдің басына шатырдың мұзы құлап кетті (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде үйдің іргесінен өтіп бара жатқан бала көтерген әйелдің үстіне шатырдың мұзы құлаған сәт түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды Sadaq.kz.
Қатты соққыдан әйел есінен танып қалған, бала да жерге құлайды.
Желідегі ақпаратта оқиғаның Жезқазған қаласында болғаны, әйелдің қаза тапқаны айтылған.
Алайда Ұлытау облысының құзырлы органдары бұл ақпаратты жоққа шығарды. Бұл оқиғаға қатысты ақпарат тексеріліп, оның Қазақстанда емес, Дағыстанда, нақтырақ айтқанда Махачкала қаласында болғаны анықталды.
Дагестандық БАҚ-тың мәліметінше, әйел мен бала аман қалған.
Оқиға 63 жастағы зейнеткер 11 айлық немересімен серуендеп жүрген кезінде болған. Зейнеткер басынан жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Оның жағдайы орташа ауыр деп бағаланған. Ал бала ауыр жарақат алмаған.
Сіздің реакцияңыз қандай?






