«Балтамен ұрған»: Ақбота Керімбекова бетіндегі қалының құпиясын ашты

Танымал әнші Ақбота Керімбекова балалық шағын есіне алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі “КешREG” бағдарламасында қонақ болды.
“Көбі біледі ғой, бетімде қал бар. Соны бала кезімде көп мазақ ететін. Мектепте де, балабақшада да барлығы келеке еткен. "Көк көз, бетін балтамен ұрған" деп неше түрлі сөздер айтатын. Содан кейін ішімде комплекс пайда болды. Көп көзіне түсуден қашып, көпшілік ортадан алшақтайтынмын. Суретке де түскім келмейтін. Содан адамның емес, Алланың қалауы болып өнерде, халық алдында жүрмін. Алла мен қаламаған дүние болса да, мені бұрып қазақ сахнасына әкелді”, – деп ағынан жарылды әнші.
Еске салайық, эстрада жұлдызы алғаш рет сахнаға шыққан сәтін есіне алған еді.
“Ол кезде күндіз-түні ұйықтамай, 2-3 мың теңгеге тойға шықтық. Соның ақшасын құрап, ән жаздырдық. Өздеріңіз сүйіп тыңдайтын “Аппақ гүлдер” деген әннің аранжировкасын мен қарызға жаздырдым. “Кейін береміз” деп мата сатып алып, содан өзіміз киім тігіп сахнаға шығатынбыз. Әндеріміз көркемдік кеңестің шешімімен ғана насихатталатын”, – деді өнер иесі.
@khabartv ???? «Көп жыл бойы бетімды жауып жүрдім» Толық нұсқасын Khabar TV YouTube арнасынан көре аласыздар???? ???? «КешREC» ⏰ ДС-БС / 22:40 / LIVE #Хабар #КешREC #АқботаКерімбекова #live ♬ оригинальный звук - Khabartv
Сіздің реакцияңыз қандай?






