Балуан Ибрагим Магомадов әлем чемпионатының жүлдегерін жеңіп, Азия чемпионатының жартылай финалына шықты
Қазақстандық грек-рим күресінің балуаны Ибрагим Магомадов Қырғызстанның Бішкек қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті.
Бұл кезеңде отандасымыз бозкілемде әлем чемпионатының күміс жүлдегері Арам Варданянмен (Өзбекстан) кездесті. Белдесу 3:1 есебімен Магомадовтың пайдасына аяқталды.
Айта кетейік, бүгін, 7 сәуірде, жартылай финалға Ербол Камалиев (60 келіге дейін), Алматбек Аманбек (72 келіге дейін) және Ислам Евлоев (97 келіге дейін) та шықты.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0