«Бәрі жақсы деп айтыңызшы»: Бишімбаев көріпкелге Салтанаттың жағдайы нашарлап бара жатқанын айтып хабарласқан

Сәуір 24, 2024 - 11:35
Сәуір 24, 2024 - 11:37
«Бәрі жақсы деп айтыңызшы»: Бишімбаев көріпкелге Салтанаттың жағдайы нашарлап бара жатқанын айтып хабарласқан

Бишімбаев сотында айыпталушы үнемі жүгінетін көріпкелден жауап алынды. Оқиға болған күні Бишімбаев оған хабарласып, Салтанаттың жағдайын біліп беруді сұраған, деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Таролог Бишімбаев екі айда бір рет хабарласып, жұмысы, кәсібі туралы сұрайтынын айтты.

«9 қарашада ол маған хабарласты, уақыты есімде жоқ. Ол кеше Салтанат екеуі ішіп, төбелесіп қалғанын айтты. 30 секунд ғана сөйлестік. «Қараңызшы, қараңызшы» деді. Мен бірден жедел жәрдемге хабарласу керегін айттым. Өзі маған хабарласты, қолым босамай жатқан еді. Даусы әдеттегідей болмады, әр сөзін талдап сөйледі, мас секілді болды», – дейді ол. 

Көріпкелдің сөзінше «Ол ұйықтап жатыр, таңға дейін ұйықтайды» деп телефон арқылы сөйлескеннен кейін айтқан. Себебі ол қайта-қайта хабарласып мазасын алған.

«Өзі біртүрлі болатын, қайта-қайта хабарласып, «бәрі жақсы деп айтыңызшы» деп сұрады. Жедел жәрдем шақырыңыз деп қайта-қайта айттым, «қайдағы жедел-жәрдем, қазір өз-өзіне келеді», деді бір рет. Кешке 19:00 шамасында «оның жағдайы нашарлап бара жатыр, қорылдап жатыр, қимылдамайды, тамақ ішпейді, тұрмайды» деп хабарласты. «Маған не дейсіз, дәрігер шақырыңыз» деп тұтқаны қоя салдым. Ол бір нәрсені қайталай берді», – деді таролог. 

Сонымен қатар ол алыстан ештеңені көре алмайтынын атап өтті.

«Ол менен кәсібі, жұмысына қатысты, кей жобаларға инвестиция салайын ба деп сұрайтын. Бірақ физикалық жағдайына байланысты мүлдем жүгінген емес. Маған неге хабарласқанын да білмеймін. Бишімбаев отбасы жағдайына байланысты әдетте психологтарға жүгінеді. Таиландтық психологтары бар екенін өз айтқан. Әйелім өте әдемі және оны өте жақсы көремін дейтін», – дейді ол. 

Нүкеновтер адвокаты 8 қарашада, оқиға болардан бір күн бұрын 250 мың теңгені не үшін жібергенін сұрады. 

Тарологтің сөзінше, бұған дейінгі жұмысына қатысты айтқандарына төлеген. Сонымен қатар ол Бишімбаевты 1,5 жылдан бері, ал оның отбасын 2 жылдан бері танитынын айтты. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow