Бас прокуратура Тұрғымбаевқа қатысты мәлімдеме жасады
Бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қамауға алынды деген ақпарат ресми түрде расталды, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Бас прокуратура Тұрғымбаевтың қамауға алынған растап, арнайы мәлімдеме жасады. Прокуратураның хабарлауынша, экс-министр Қаңтар оқиғасына байлынысты қамауға алынған.
«2022 жылғы қаңтардағы оқиғаларға байланысты қылмыстық істерді тергеуді жалғастыруда. 29 сәуірде ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін (ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібінде ішкі істер экс-министрі Е.З.Тұрғымбаев ұсталды», - делінген хабарламада.
Қылмыстық істе мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің болуына байланысты сотқа дейінгітергеп-тексерудің басқа деректері жария етуге жатпайды.
Мемлекеттік құпияларды құрайтын сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол бермеу ҚІЖК-нің 47 және 201-баптарының талаптарымен регламенттелген.
Кеше кешкісін бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қамауға алынды дегенақпарат тараған еді.
Сіздің реакцияңыз қандай?