«Басқа адам табылмаған ба?»: Динара Сәтжан Қайрат Нұртастың кенже қызының тұсауын кесті (ВИДЕО)

Тамыз 13, 2026 - 11:25
app_badging Тамыз 13, 2026 - 11:29
chat_bubble  0 visibility  15
«Басқа адам табылмаған ба?»: Динара Сәтжан Қайрат Нұртастың  кенже қызының тұсауын кесті (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Танымал әнші Қайрат Нұртас пен актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың бесінші перзенті Рәбия Сұлтанның 1 жас тойы мен тұсаукесер рәсімін дүркіретіп жасады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Тұсаукесер сәтінен Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Актриса қазақтың бұл дәстүрінің астарындағы мағынаға тоқталды. 

«Тоқ ішек – тоқшылықтың, молшылықтың нышаны. Халқымыз “тоқ болсын” деп тілеген. Бұл – береке мен тыныш өмірдің белгісі. Жасыл шөп – өмірдің өзі. Өсім, жаңару, үміт… Әр көктем сайын тіршілік қайта түлейді. Ала жіп – адалдықтың белгісі. Дәстүр бойынша қызымызды жалаң аяқ жерге тұрғыздық. Табанымен көкті басып, жер қуатын алып, жылуын сезініп, тіршілігін жалғастырсын. Әр қадамың Жер-анаға аманат! Бұл – сенің тағдырыңның бастауы. Салтымызды сақтап, дәстүрді жалғап, Рәбия Сұлтанның тұсау кесу рәсімін жасадық», – деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.

Айта кетейік, өнерлі жұп қызының тұсауын кестіруге белгілі тележүргізуші Динара Сәтжанды лайық деп таңдаған.

«Осыдан бірнеше ай бұрын Жұлдыз менен Рабия-Сұлтанның тұсауын кесуімді өтінген еді. Бұл мен үшін әдемі дәстүр ғана емес, мен үшін абырой, сенім деп қабылдадым. Рабия - Нұртас әулетіне шуақ болып келді, жылылық пен махаббатын ала келді. Қайрат пен Жұлдыздың балалары көз алдымызда өсіп келеді. Барлығы өнерлі, тәрбиелі, білімді. Мұның артында ата-ананың ғана емес, бүкіл 7 атаның қаны мен жаны тұр. Ата-әженің көрегендігі мен құндылығы балаларға да мирас болып жалғаса бермек. Жұлдыз туралы әңгіме бөлек. Ұстамды, парасатты. Маған берген сұқбатында Жұлдыз қыздарының атын Рабия-Сұлтан деп қоюуының себебін де айтқан еді»,– деп жазды Динара Сәтжан.

Оқырмандар Рәбия Сұлтанға ақ тілектерін жаудырса, бірі тұсау кестіруге лайық адам таңдалмағанын айтып, сынға алды.

«Мынау тіпті тілек те айта алмай тұр ғой», «Динараға кестіргені дұрыс болмапты», «Киелі есім беріп, Динараға тұсауын кестіргені қалай?», «Басқа адам табылмаған ба?», «Байларға ғана жалтақтап, жұғысты болсын дей ме?», «Өзінің анасы мен енесі тұсау кесуге әбден лайық жандар», «Қазақтың бетке ұстар жас аналары бар еді ғой. Қазақ өзі ырымшыл халық, бұның несіне ырымдады екен?», «Өз енесі Гүлзираға кестіру керек еді. Өз енесіне жетер ешкім жоқ», – деп пікір қалдырды желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0