Батыс Қазақстан аумағынан тағы бір белгісіз дрон табылды

Бұл – Батыс Қазақстан облысы аумағында тіркелген үшінші оқиға.

Наурыз 25, 2025 - 11:19
Батыс Қазақстан аумағынан тағы бір белгісіз дрон табылды

Батыс Қазақстан облысына қарасты Жәнібек ауданында тағы бір ұшу аппаратының (дронның) сынықтары табылды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті хабарлады.

Полицияның дерегінше, аппарат сынықтары елді мекендерден алыс, қашық жерде табылған

«Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті уәкілетті қызметтермен бірлесіп, Жәнібек ауданында табылған ұшқышсыз аппараттың сынықтарына ұқсас заттарға қатысты тексеріс жүргізуде», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Бұған дейін Telegram-арналарда 24 наурыз күні кешкі сағат 21:15-тер шамасында тағы дрон сынықтары табылғаны туралы ақпарат тараған еді.

"Оқиға орнына Жәнібек аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы, учаскелік полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар қызметінің мамандары, жергілікті атқарушы органдар мен прокуратура өкілдері барды" делінген ақпараттарда.

Айта кетейік, бұл – Батыс Қазақстан облысы аумағында тіркелген үшінші оқиға.

Бұған дейін 18 наурызда Тасқала ауданында ұзындығы үш метр болатын дрон құлаған еді.

Сол секілді18 ақпанда Бөкей Ордасы ауданына қарасты Ұялы ауылында белгісіз ұшу аппаратының құлағаны тіркелген болатын.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow