«Бауырларыңыз субсидия алды ма?»: Министр журналист сұрағына ашуланып, жауап беруден бас тартты

Ақпан 24, 2026 - 16:42
Ақпан 24, 2026 - 16:49
 0  9
«Бауырларыңыз субсидия алды ма?»: Министр журналист сұрағына ашуланып, жауап беруден бас тартты
Фото: Видеодан скрин

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров үкіметте өткен брифингте бауырының мемлекеттік субсидия алуына қатысты сұраққа ашумен жауап берді, деп хабарлайды Sadaq.kz. Politico.kz.-ке сілтеме жасап. 

«Сіз 2023 жылы министр қызметіне келген кезде ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтін көп туыстарыңыздың ешқайсысы субсидия алмайды деп уәде берген едіңіз. Алайда 2019–2020 жылдары ағаңыз Алтынбек Сапаров бюджеттен 713,5 миллион теңге алғаны белгілі. Соңғы үш жылда сіздің туыстарыңыз субсидия алды ма?», – деп сұрады журналист брифинг барысында. 

Министрге бұл сұрақ ұнамай қалды. Ол бұл сауалға қысқа әрі ашумен жауап берді. Айтуынша, бұл мәселеге қатысты пікірін бұған дейін де бірнеше рет айтқан.

«Менің ол жерге ешқандай қатысым жоқ. Мен ол жерде құрылтайшы емеспін. Олар өз жұмыстарын өздері жасап жатыр. Ол жерде де халық, үлескерлер бар. Мен ол жерге қатыспаймын да, білмеймін де, кіріскім де келмейді. Мен оны бүгінгі күні қарап жатқан жоқпын, білмеймін», – дейді министр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0