Белгілі журналист Қайым-Мұнар Табеев өмірден өтті

Қыркүйек 10, 2025 - 22:58
 0  36
Белгілі журналист Қайым-Мұнар Табеев өмірден өтті

Көрнекті қаламгер, көсемсөз шебері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Құрметті журналисі Қайым-Мұнар Табеев өмірден өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жазды.

"Қайым-Мұнар Тұрдақынұлы қазақ әдебиеті мен журналистикасының дамуына елеулі үлес қосып, ел руханияты жолында қалтқысыз қызмет етті. Оның қаламынан туған мақалалары, Желтоқсан оқиғасы туралы зерттеулері, сондай-ақ ұлттық әдебиетіміздің қазынасын байытқан шығармалары ел жадында мәңгі сақталады деп сенеміз. Ұлтына адал қызмет еткен абзал азаматтың жаны жәннатта, иманы саламат болғай", - деп жазылған ведомствоның көңіл айту хатында.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0