Белгілі журналист Жоламан Бошалақ өмірден өтті

Қыркүйек 1, 2026 - 16:50
chat_bubble  0 visibility  13
Белгілі журналист Жоламан Бошалақ өмірден өтті
Фото: Маңғыстау облыстық ҚКО

Белгілі журналист, ақын, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Жоламан Бошалақ өмірден өтті, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Жоламан Бошалақ 1943 жылы Атырау облысы Ембі ауданының Тұрғызба ауылында дүниеге келген. Оның ғұмыры мен шығармашылық жолының басым бөлігі Маңғыстау облысымен тығыз байланысты болды. Ұзақ жылдар бойы журналистика саласында еңбек етіп, өңірлік телевидение мен мерзімді баспасөздің дамуына айтарлықтай үлес қосты.

Әр жылдары Жоламан Бошалақ Маңғыстау облыстық телерадио компаниясында, «Коммунистік жол» және «Маңғыстау» газеттерінде қызмет етті. Сондай-ақ бас басылым – «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі болды. Өз материалдарында өңірдің тыныс-тіршілігін кеңінен қамтып, Маңғыстаудың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық өмірін оқырманға жеткізді.

Жоламан Бошалақтың шығармашылық жолындағы айрықша кезеңдердің бірі – «Маңғыстау» газетіне басшылық еткен жылдары. Осы кезеңде ол өңірлік журналистиканың дамуына елеулі үлес қосып, басылымның қалыптасуы мен өркендеуіне еңбек сіңірді.

Журналистика саласында өзіндік қолтаңбасын қалдырған Жоламан Бошалақтың есімі мен еңбегі әріптестері мен оқырмандарының жадында сақталады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 1
Жарайсың Жарайсың 0