Бестеректегі жол апаты: бір айдан бері комада жатқан қыз көз жұмды

Тамыз айында Абай облысы Бестерек ауылында болған көлік оқиғасында жапа шеккен қыз бала ес жимастан қайтыс болды.
Бала бір айдан астам уақыт комада жатқан.
Дәрігерлер оның өмірін арашалап қалуға тырысқан. Алайда алған жарақаттары тым ауыр болып шықты.
Қайғылы оқиға 19 тамыз күні болған еді. 55 жастағы жүргізуші көлігімен бір топ баланы қағып кеткен. Салдарынан үш бала қаза болып, үш бала ауруханаға жатқызылған. Жүргізуші ұсталып, қылмыстық іс қозғалған.
Жағдайға Қазақстан президенті араласып, оқиға орнына медициналық көмек үшін әскери ұшақ жіберілген. Кейін жапа шеккен екі бала Астанаға жеткізіліп, жасы үлкендеу қыз әуелі Үржар аудандық ауруханасына, кейін санитарлық авиация тікұшағымен Семейге жеткізілген.
Апаттан аман қалған Айерке мен Ерәділ Тұрсынғазы Астанада емделіп, үйіне қайтарылған, қазір оңалту курсын алып жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?






