«Бэтмэн депутат» елді дүрліктірген ВИДЕО-сына қатысты пікір білдірді

Бұл - әлеуметтік роликтің бөлігі. Қазіргі уақытта монтаждау жүріп жатыр. Дайын болған кезде өздеріңіз де көресіздер.

Маусым 4, 2024 - 09:57
Маусым 4, 2024 - 09:57
«Бэтмэн депутат» елді дүрліктірген ВИДЕО-сына қатысты пікір білдірді

Мәжіліс депутаты Руслан Берденов отандық видеограф түсірген роликтің қаһарманына айналды. Онда ол елордадағы ең зәулім ғимарат - Әбу-Даби Плазаның төбесінде суперқаһарман шекпенімен әрі суперқаһармандарға арналған музыка ырғағымен елордаға көз салып тұрады. Бұл бейнероликке қатысты депутат пікір білдірді деп хабарлайды  ҚазАқпарат.

"Бұл - әлеуметтік роликтің бөлігі. Қазіргі уақытта монтаждау жүріп жатыр. Дайын болған кезде өздеріңіз де көресіздер. Мен жеткілікті ақпарат бердім", - деп жауап берді Руслан Берденов хабарлама арқылы. 

Осыдан кейін агенттік тілшісі ролик авторы және әзірше атауы белгісіз болып тұрған әлеуметтік жобаның идеялық көмекшісі - видеограф Әділет Рахметуллаға хабарласқан еді. Өйткені, ол аталған роликті әлеуметтік желіге жүктеген болатын. 

"Біз әлеуметтік ролик түсіреміз. Бұл видеоны қызығушылық ояту мақсатында түсірдік. Ал қалғанын соңында көресіздер", - деді блогер. 

Олар мұнан әрі оқиғаның мән-жайын айтудан бас тартып отыр. 

Ролик әлеуметтік желіде санаулы ғана уақыт болғанына қарамастан, жұртшылықтың біразы оны көріп, пікірлерін қалдырып үлгерді. Тіпті, депутаттың бұл әрекетіне таңдасынын білдіріп жатқандар да бар.

Желі қолданушылары депутат осы әрекеті арқылы букмекерлік кеңселермен және лудоманиямен күреске бел шеше кірісті деген ойда. Өйткені, депутат аталған қоғамдық кесел жайында жиі мәселе көтеріп жүр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow