Биыл қай елдерге визасыз баруға болады?
Төлқұжатпен бара беруге болатын елдердің саны 40-қа жетті
Қазақстан азаматтары үшін виза ресімдемей-ақ саяхаттауға болатын елдердің тізіміне тағы бірнеше мемлекет (Қытай мен Сейшел аралдары) қосылды Осылайша, төлқұжатпен бара беруге болатын елдердің саны 40-қа жетті, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Сыртқы істер министрлігінің сайтында ұсынылған ақпаратқа сәйкес, қазақстандық паспорт әлемнің 30-дан аса елінде емін-еркін жүруге мүмкіндік береді. Дегенмен олардың әрқайсысының тұрақтау уақытында белгілі бір шектеулер бар.
Визасыз ұзақ уақыт жүруге мүмкіндік берген елдер:
• Грузия - бір жылға дейін;
• Армения - алты айға дейін;
• Сент-Винсент және Гренадиндер - алты айға дейін.
90 күнге дейінгі қысқа мерзімді сапарларға қолайлы елдер келесідей:
• Албания;
• Андорра;
• Әзербайжан;
• Гаити;
• Колумбия;
• Молдова;
• Моңғолия;
• Ресей;
• Түркия; (жарты жылда 90 күнге дейін)
• Украина.
Бір ай бойы визасыз саяхат жасауға болатын елдер:
• Аргентина;
• Бразилия;
• Вьетнам;
• Доминикан Республикасы;
• Қатар;
• Қытай;
• Оңтүстік Корея (2022 жылғы 1 сәуірден бастап Кореяға кіруге электрондық рұқсат беру жүйесі (K-ETA) іске қосылды;
• Куба;
• Малайзия (елге кіру үшін MDAC электрондық көші-қон картасы қажет, оны елге барар алдын 3 күн бұрын толтыруға болады);
• Мальдив Республикасы;
• Никарагуа;
• БАӘ;
• Сан-Марино;
• Сейшел аралдары;
• Сербия;
• Тунис;
• Филиппиндер;
• Эквадор.
Барбадос (28 күн)
14 күнге дейін визасыз жүруге болады:
• Гонконг;
• Иран;
• Оман;
• Тайланд (жақында Қазақстанмен визасыз режимді жарты жылға ұзартты).
Сонымен қатар визаны ұшып барғанда рәсімдеуге мүмкіндік беретін бірнеше ел бар:
• Замбия;
• Индонезия;
• Маврикий;
• Намибия.
Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Әзербайжан тәрізді ТМД елдерінде 30 күн болғаннан кейін көші-қон органдарында тіркелу қажет.
Ал Өзбекстанда 5 күннен кейін тіркелу керек.
Сіздің реакцияңыз қандай?