«Бір жолаушы көз жұмды»: Алматы әуежайына Lufthansa ұшағы шұғыл қонды
Мюнхеннен Бейжіңге бағыт алған Lufthansa әуе компаниясының рейсі Алматы әуежайына шұғыл түрде қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды sadaq.kz.
Бұған ұшақ бортында болған әйел адамның қайтыс болуы себеп болған.
Қазақстанның көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, рейс кезінде жолаушының денсаулығы кенеттен нашарлаған. Осыған байланысты экипаж әуе кемесін Алматыға қондыру туралы шешім қабылдаған.
Алайда әуежай дәрігерлері мен жедел жәрдем қызметі әйел адамның ұшақ қонбай тұрып көз жұмғанын растады. Алдын ала мәлімет бойынша, марқұмның жүрегі тоқтаған. Қайтыс болған жолаушы шетел азаматы екені хабарланды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0