Біреуі көз жұмды: Атырауда жұмысшылар 5-қабаттан құлап кеткен

Қаңтар 24, 2025 - 12:11
 0  71
Біреуі көз жұмды: Атырауда жұмысшылар 5-қабаттан құлап кеткен
Фото: ҚР Үкіметі

Атыраудағы құрылыс алаңында 2 адам 5-қабаттан құлап кетті. Оның 1-еуі оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды sadaq.kz.

Бұл деректі Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Оқиға 20 қаңтарда болған.

«Күндізгі сағат 11:15 шамасында Атырау қаласында салынып жатқан тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында екі жұмысшы 5-қабаттан құлағаны анықталды. Оқыс оқиға орнында 43 жастағы ер адам ауыр жарақаттың салдарынан мерт болды. Ал 33 жастағы ер адам түрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілді», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір аталған оқиғаға байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қылмыстық іс қозғалды. Соған сәйкес кешенді тергеу амалдарын жүргізу басталды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0