«Біреуі жансақтау бөлімінде жатыр»: «Болашақ» шахтасында төрт кенші жарақат алды

Дөң тау-кен байыту комбинатына қарасты «Болашақ» шахтасының кен өндіру блогында бұрғылау жұмыстары кезінде ауа кеңістігінің қысқа мерзімді тұтануы орын алды, деп хабарлайды sadaq.kz.
Бұл туралы Дөң тау-кен байыту комбинатының әлеуметтік желісінде айтылды.
Оқиға салдарынан төрт жұмысшы күйік жарақатын алып, дереу ауруханаға жеткізілді. Біреуі жансақтау бөлімінде жатыр. Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде.
Қазіргі таңда оқыс оқиғаның себептері анықталуда. Шахтадағы кен өндіру жұмыстары уақытша тоқтатылды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.
Сіздің реакцияңыз қандай?






