«Бишімбаевқа тамақ арқылы есірткі тасымалдаған»: ІІМ мәлімдеме жасады
Қазақстанның Ішкі істер министрлігі экс-министр Қуандық Бишімбаевқа тергеу изоляторына тамақ арқылы есірткі тасымалданды деген ақпаратты жоққа шығарды.
7 шілдеде елорданың тергеу изоляторында белгісіз әйел тұтқынға марихуана қосылған голубцы әкелгені туралы ақпарат тарады. Кейіннен бұл Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа арналған деген қауесет шықты.
«№64 мекемеде голубцы тағамының арасына салып, тыйым салынған затты өткізу әрекетінің жолы кесілді. Алайда бұл деректің Бишімбаевқа еш қатысы жоқ», – деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.
Осы оқиғадан кейін елордалық тергеу изоляторында тергеуде отырғандар мен сотталғандарға тартылған ет қосылған тағам әкелуге тыйым салынғаны хабарланды. Алайда Ішкі істер министрлігі өнімге қатысты жаңа ережелер енгізілмегенін мәлімдеді.
Жазда тез бұзылатын азық-түлікті әкелуге тыйым салынады. Тергеу изоляторындағыларға туыстары мен жақындары сәлемдеме түрінде дайын азық-түлік әкелуге тиіс.
Айта кетейік, 13 мамырда Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға бас бостандығынан айырылған еді. 26 маусымда апелляциялық сот Бишімбаевтың үкімін өзгеріссіз қалдырды.
Stan.kz
Сіздің реакцияңыз қандай?