«Біз ондай тақырыпта сөйлеспейміз»: рэпер қыз күйеуінің қызғанбайтыны туралы айтты

Ақпан 3, 2025 - 16:40
«Біз ондай тақырыпта сөйлеспейміз»: рэпер қыз күйеуінің қызғанбайтыны туралы айтты

Танымал рэпер қыз YENLIK алғаш рет бала күнінен бергі ең сырлы естеліктерін бөлісіп, Дина Төлепбергенге сұхбат берді. Ол әңгіме барысында отбасылық өмірі туралы да айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Сұхбатта Дина тұрмысқа шыққан соң қыздардың көбі карьерасын екінші орынға ысырып қоятынын айтып, «Бұның саған қатысы жоқ деп ойлаймын» деді. Бұған жауап ретінде әнші күйеуі туралы айтты.

«Күйеуім мені шынайылығымен, қарапайымдылығымен баурап алды. Оның бойында ешқандай арамдық жоқ. Көбісі менен қызғанбайды ма деп сұрайды. Тіпті, біз ондай тақырыпта сөйлеспейміз де», — деді ол.

Дина Төлепберген оның бұл сөзіне қызғанатын еркек өзіне сенімсіз адам екенін айтты. Оған Еңлік өзі де қызғануға себеп бермейтінін жеткізді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow