Бокс аңызы Мэйвезер мен Пакьяо қайта кездесетін болды

Ақпан 24, 2026 - 16:24
 0  0
Бокс аңызы Мэйвезер мен Пакьяо қайта кездесетін болды
Фото: Getty Images

Флойд Мэйвезер мен Мэнни Пакьяо арасындағы реванш 19 қыркүйекте Лас-Вегастың Sphere аренасында өтеді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Дүйсенбі Netflix  ресми түрде аңыздардың қайта кездесетінін жариялады. Сондай-ақ The Ring басылымы Мэйвезер мен Пакьяо арасындағы екінші жекпе-жектің қыркүйек айында Лас-Вегаста өтетінін хабарлап, ал Sphere аренасы осы ауқымды оқиғаны өткізгісі келіп отыр деп жазған еді.

Өткен аптада Мэйвезер кәсіби боксқа қайта оралатынын жариялады. Бұл туралы ол Майк Тайсонмен 25 сәуірде өткізген көрсетілімдік жекпе-жегінен кейін хабарлаған.

"Мен Мэннимен бір рет жекпе-жек өткізгенмін және оны жеңгенмін, бұл жолы нәтиже солай болады", – деді Мэйвезер Netflix ресми хабарламасында.

Сонымен қатар 47 жастағы Пакьяо 18 сәуірде Thomas & Mack Center спорт кешенінде Руслан Проводниковпен көрсетілімдік жекпе-жек өткізеді. Бес айдан кейін ол Мэйвезерге қарсы реванш алу мүмкіндігіне ие болады.

"Біз Флойдпен бірге әлемге, бәлкім, бокс тарихындағы ең ауқымды жекпе-жекті сыйладық. Көрермендер ұзақ уақыт күткені белгілі, олар бұл реваншқа лайық, енді ол әлем бойынша Netflix арқылы тікелей эфирде көрсетілетін болады. Мен Флойдтың кәсіби мансабында жалғыз ғана жеңілісін есте сақтап, оны ұмытпайтын болуын қалаймын. Әрдайым осы жекпе-жекті бүкіл әлемдегі филиппиндік отандастарыма арнаймын және Филиппинді дәріптеуге бағыттаймын", – деді Пакьяо Netflix ресми хабарламасында.

Еске сала кетейік, Мэнни Пакьяо ресми түрде бокстан кететінін жариялаған еді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0