Бурабайдағы қонақүйден өрт шықты
Бурабай курорттық аймағындағы қонақүйлердің бірінің маңында қауіпті жағдай тіркелді. Демалыс кешеніне тиесілі екі қабатты кір жуатын ғимаратты тілсіз жау шарпыды. Жалын осы нысанның бірінші қабатынан басталған. Бұл ақпаратты Ақмола облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Оқиға кезінде іште жұмыс істеп жүрген қызметкер ажалдан аман қалды. Ол құтқарушылар жасағы жеткенше қауіпсіз жерге өзі шығып үлгерген.
Өрт сөндірушілер елу шаршы метр аумаққа жайылған отты өте қысқа уақыт ішінде ауыздықтады. Мамандардың алдын ала болжамы бойынша жалын электр құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерінің бұзылуынан тұтанған. Абырой болғанда оқыс оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0