Бұдан былай кемелер Ормуз бұғазынынан басқаша өтуі мүмкін

Сәуір 10, 2026 - 17:34
chat_bubble  0 visibility  0
Бұдан былай кемелер Ормуз бұғазынынан басқаша өтуі мүмкін
Фото: depositphotos.com

Әскери қақтығыстар аяқталғаннан соң Ормуз бұғазында сауда кемелерін әскери саппен алып жүру жоспары әзірленіп жатыр, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Францияның сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро France Inter радиосына берген сұхбатында бұл миссия жоспарына Еуропа елдері мен өзге де серіктестер қатысып жатқанын жеткізді. 

Барроның сөзінше, тараптар келісімге келіп, кемелерді саппен алып жүретін жүйе құрылса, танкерлердің бұғаз арқылы қауіпсіз өтуі қайта мүмкін болады. Оның айтуынша, бұл бағыттағы жұмыс айтарлықтай ілгерілеген. Осыған дейін президент Эммануэль Макрон шамамен 15 елдің осындай миссияға қатысуға дайын екенін мәлімдеген. 

Соңғы күндері Берлин де бұғаздағы бірлескен миссияға жалпы дайын екенін аңғартып отыр. Десе де, Германия үкіметінің пікірінше, мұндай миссияға қатысу үшін БҰҰ-ның нақты мандаты, сондай-ақ тұрақты атысты тоқтату немесе тіпті келісілген бітім сияқты бірқатар талап орындалуы қажет.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0