«Бұрын ажырасқан»: Әнші Say Mo-ның жасырып жүрген сүйіктісі жария болды (ВИДЕО)
Ал Мөлдір болса, танымал актер Серік Шәріпке тұрмысқа шығып көп ұзамай ажырасқан еді.
 
                                    Әнші Say Mo-ның алғашқы үлкен жеке концерті қарсаңында оның жеке өмірі тағы да желіні шулатты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұған дейін Say Mo өз стористерінде “А” деп белгіленген сүйіктісінің денесі, қолы, желкесі көрінген суреттерді жиі жариялағанымен, жүзін ешқашан көрсетпеген еді. Көпшілік сол кезде бұл адам Айтбек Амангелді деп болжаған. Алайда қазір белгілі болғандай, “А” әрпінің артында мүлде басқа адам - Абылай Ардақ жасырынған.
Абылай - Астанада тұратын 31 жастағы кәсіпкер. Ол сантехника және керамогранит өнімдерімен айналысатын трейдинг компаниясының иесі, сонымен қатар тапсырыспен корпус жиһаздарын өндіретін цехтың да қожайыны. Яғни, Say Mo бұл жолы шоу-бизнес өкілін емес, табысты бизнесменді таңдаған.
Тағы оқыңыз: «Анасы адвокат болған соң қорықтым»: Әнші Say Mo актер «Шакентидан» көрген қорлығын ашып айта бастады
Айта кетейік, Абылайдың бұрынғы некесінен бес жасар ұлы бар. Ал Мөлдір болса, танымал актер Серік Шәріпке тұрмысқа шығып көп ұзамай ажырасқан еді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
 
                    
                
 
                    
                
 
                    
                
 
                    
                
 
                    
                
 
                    
                
 
                    
                
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
                                                                                                                                             
                                                                                                                                             
                                                                                                                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                            