Бұрынғы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қамауға алынды деген ақпарат фейк болып шықты

БАҚ беттерінде бұрынғы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың қамауға алынғаны туралы ақпарат тараған еді. Алайда бұл ақпарат жалған болып шықты.
Экс-министр бұл ақпаратты Tengrinews.kz бас редакторымен телефон арқылы сөйлесіп, жоққа шығарды.
"Бос сөз. Ең алдымен, ресми дереккөздерге сену керек. Мен демалыстамын. Маған демалуға мүмкіндік берілді. Үш жарым жылдан бері еңбек демалысына шықпадым. Өздеріңіз білесіздер, әскери қызмет сондай болады", – деді Жақсылықов.
Сондай-ақ, ол құқық қорғау органдарына жүгінетінін де мәлімдеді.
"Ар-намысым мен абыройыма нұқсан келтіретін жалған ақпарат үшін жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау органдарына жүгінуге мәжбүрмін", - деді экс-министр.
Еске салайық, Руслан Жақсылықов 8 маусымда қорғаныс министрі лауазымынан босатылған болатын.
Сіздің реакцияңыз қандай?






