Жоғарғы сот төрағасының кеңесшісіне іздеу жарияланды

Маусым 23, 2025 - 12:06
Маусым 23, 2025 - 12:46
Жоғарғы сот төрағасының кеңесшісіне іздеу жарияланды
Фото: Kazinform

Бұрынғы судья, азаматтық істер бойынша Жоғарғы Сот төрағасының кеңесшісі болған Карлығаш Таткеева іздеуге жарияланды, деп хабарлайды sadaq.kz.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының ресми порталында жарияланған іздеу парағына сәйкес, Карлығаш Таткеева 2025 жылғы 20 маусымнан бастап іздеуде.

Іздеу салған — сот, ал істі Қарағанды облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті жүргізіп жатыр.

Бұған дейін Таткеева бірнеше сот инстанцияларында судья қызметін атқарған. Атап айтқанда, ол Қарағанды облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы, сондай-ақ Астана қаласының сотында жұмыс істеген.

Іздеуге жариялану себептері ресми түрде нақтыланбаған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow