«Челси» футбол клубы Дастан Сәтпаевқа қатысты маңызды мәлімдеме жасады
Англияның "Челси" футбол клубы "Қайраттың" жас шабуылшысы Дастан Сәтпаев жөнінде күтпеген жаңалық жариялады, деп хабарлайды sadaq.kz.
Ағылшынның The Chelsea Chronicle басылымының хабарлауынша, лондондық команда Дастанды өз сапына қоспай тұрып, алдымен Францияның "Страсбург" клубына жалға беруді жоспарлап отыр. Яғни, Сәтпаев "Қайраттан" кеткен соң бірден "Страсбургке" ауысуы мүмкін.
Ол келесі жылы 18 жасқа толған соң ресми түрде "Челсидің" ойыншысы атануға тиіс еді. Қазіргі таңда футболшының трансферлік құқығы толығымен лондондық клубқа тиесілі.
"Ол "Қайраттан" кеткен соң бірден "Страсбурге" жалға берілуі мүмкін. Бұған дейін бұл клубта "Челсидің" Сантос, Кендри Паэс және Майк Пендерс секілді жас таланттары да ойнаған болатын. Кейін олардың барлығы "Стэмфорд Бридждегі" негізгі құрамға қосылу мүмкіндігіне ие болды", - деп жазады ағылшын басылымы.
Айта кетейік, Дастан Сәтпаев 18 жастағы жас шабуылшы. Ол небәрі 16 жасында “Челсиге” шақыртуы алған. Қазір ол “Қайрат” сапында Чемпиондар лигасында бақ сынауда. Алдағы уақытта Еуропаның үздік клубтары “Интер” және “Арсеналға” қарсы ойнайды.
Сіздің реакцияңыз қандай?