Дариға Назарбаева жабық іс-шарада бой көрсетті

Қыркүйек 8, 2025 - 21:24
Дариға Назарбаева жабық іс-шарада бой көрсетті
Фото: Kursiv LifeStyle

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева "Целинный" орталығының жабық іс-шарасында бой көрсетті, деп хабарлайды sadaq.kz. 

Жеке іс-шара 8 қыркүйекте жаңартылған заманауи мәдениет орталығында өтті. Айта кетейік, "Целинный" орталығына үш күн ішінде Назарбаевадан бөлек 12 мың қонақ келген. Куәгерлер Назарбаеваның шараға жалғыз келгенін, жанында оққағарлары болмағанын айтады. 

Айта кетйік, Дариға Назарбаева "Целинный" заманауи мәдени орталығының негізін қалаушы Қайрат Боранбаевтың бұрынғы құдасы. Боранбаевтың қызы Әлима Дариға Назарбаеваның ұлы Айсұлтанға тұрмысқа шыққан еді. Айсұлтан Назарбаев 2020 жылы көз жұмды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow