Давид Дегтярёв үш дүркін әлем чемпионы атанды

Қазан 15, 2025 - 15:30
Давид Дегтярёв үш дүркін әлем чемпионы атанды

Мысырдың Каир қаласында парапауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында Давид Дегтярёв әлем чемпионы атанды.

Әлем чемпионатында ел намысын қорғаған даңқты спортшы  әлем чемпионатында үздік нәтиже көрсетіп, үш дүркін әлем чемпионы атанды.  54 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз 191 келі зілтемірді еркін еңсеріп, қарсыластарынан оқ бойы озық шықты. Осы керемет нәтижесінің арқасында Давид Дегтярёв жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтеріліп, әлем чемпионатында көк туымызды желбіретті.

«Жерлесімізді осы айтулы жеңісімен шын жүректен құттықтаймын!», - деп құттықтады туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов чемпионды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow