«Лайықты құрмет»: Депутат Дәулет Тұрлыханов Роза Рымбаеваға темір тұлпар сыйлады (ВИДЕО)

Мамыр 18, 2026 - 16:04
app_badging Мамыр 18, 2026 - 16:09
chat_bubble  0 visibility  2
«Лайықты құрмет»: Депутат Дәулет Тұрлыханов Роза Рымбаеваға темір тұлпар сыйлады (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Мәжіліс депутаты, белгілі спортшы Дәулет Тұрлыханов Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваға  көлік сыйлап, көпшілікті тәнті етті, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Абай облысының Жарма ауданындағы Қалбатау ауылында Мәжіліс депутаты, әлем чемпионы Дәулет Тұрлыханов жүлдесіне арналған грек-рим күресінен республикалық турнир өтті. 

Дүбірлі додаға Қазақстанның 12 облысынан және үш мемлекеттен келген 250-ге жуық жас балуан қатысты. Жас спортшылар кілем үстінде өз шеберлігі мен жігерін көрсетіп, тартысты белдесулер өткізді. 

Спорттық шара аясында Қалбатауда ашық аспан астында үлкен гала-концерт ұйымдастырылды. Сахнада Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева, Әли Оқапов, Мәди Рымбаев, Медеу Арынбаев және Kalifarniya өнер көрсетті.

Желіде жарияланған бейнежазбада  Дәулет Тұрлыханов  концерт барысында Роза Рымбаеваға автокөлік сыйлап, құрмет көрсетті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0