«Фонограммамен ән айтуға тыйым салу туралы ұсынысымыз қолдау таппады» - депутат

Ақпан 26, 2025 - 11:56
Ақпан 26, 2025 - 14:36
«Фонограммамен ән айтуға тыйым  салу туралы ұсынысымыз қолдау таппады» - депутат
Фото: ашық дереккөз

Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай қазақ эстрадасында фонограммамен ән айтуға заң жүзінде тыйым салу қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo.

Оның айтуынша, бұл мәселе бойынша Мәдениет және ақпарат министрлігіне бірнеше рет ұсыныс жолданған, бірақ қажетті қолдау таппаған.

«Қазіргі заңнамаға сәйкес, егер әнші фонограммамен өнер көрсететін болса, концерт ұйымдастырушылары бұл туралы көрерменге алдын ала хабарлауға міндетті. Алайда бұл талап іс жүзінде орындалмайды. Сондықтан біз фонограммамен ән айтуға толық тыйым салатын түзетулер енгізуді ұсындық, бірақ министрлік бұған қарсы шықты», – деді депутат.

Министрлік бұл ұсынысты бірнеше себеп бойынша қолдамаған:

  • Техникалық құралдардың тозуы – өңірлердегі концерт залдарының 70%-ында сапалы дыбыс жабдықтары жоқ.
  • Дыбыс режиссерлерінің тапшылығы – кәсіби мамандарға сұраныс аз болғандықтан, білікті кадрлар жеткіліксіз.
  • Дегенмен, депутаттар заң жобасын жеңілдетіп, тек техникалық жабдықтар толық қамтамасыз етілген концерт залдарында фонограммаға тыйым салуды ұсынды. Бірақ бұл өзгеріс те қолдау таппады.

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов бұл мәселенің алдағы уақытта ашық талқылауда қаралатынын мәлімдеді.

«11 наурызда шоу-бизнес өкілдері, мәдени мекеме басшылары, режиссерлер мен басқа да мамандардың қатысуымен үлкен жиын өткіземіз. Осы талқылауда ұсыныстарыңызды қарастырып, екінші оқылымға дейін нақты шешім қабылдаймыз», – деді вице-министр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow