«Депутаттар елімізді мазақ қылады»: Перуашев Тоқаевтың сынынан кейін тонын ауыстырды

Қаңтар 29, 2025 - 12:12
«Депутаттар елімізді мазақ қылады»: Перуашев Тоқаевтың сынынан кейін тонын ауыстырды
Фото: Асқар Ахметуллин

Мәжіліс кулуарында Азат Перуашев Қазақстанды "штрафстан" деп атағанын сәтсіз термин ретінде мойындап, аталған жағдайдың сабақ болғанын алға тартты, - деп хабарлайды sadaq.kz.

"Мына терминді пайдаланғаным дұрыс емес болды. Ол - рас. Мойындап отырмын. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтқанымен келісемін. Елімізді жақсы көруіміз керек. Себебі бұл біздің Отанымыз. Басқа Отанымыз жоқ. Еліміз туралы айтқан кезде оны басқалары қалай қабылдайтынын ескеруіміз қажет. Бір мәселе - біз қандай да бір сұрақтарды шешу үшін талқылау жүргізу. Екінші мәселе - бұл талқылаудың белгілі бір мемге айналып кетуі. Ескеру керек, президент тек депутаттар туралы ғана емес, блогерлер мен қоғам қайраткерлері жайлы да айтты. Біз шетелдік инвесторлар мен туристердің елімізге келуіне мүдделіміз. Олар нашар елге келмейді. Олар өзін құрметтейтін және мақтанатын дүниесі бар елге келеді", - деді Перуашев. 

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қаңтар Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстанды мазақ қылуға әуестеніп бара жатқан азаматтарды сынға алды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow