Депутаттар тойдағы «ұятсыз ойындар мен конкурстарға» тыйым салуды ұсынды

Қазан 29, 2025 - 16:24
Депутаттар тойдағы «ұятсыз ойындар мен конкурстарға» тыйым салуды ұсынды
Фото: Sadaq.kz коллажы

Бүгінгі депутаттар отырысында Қазақстандағы той мен корпоративтерде өтетін "әдепсіз" ойындар туралы айтылды, деп хабарлады MadeniPortal.kz. 

Сондай-ақ әлеуметтік желілерде, фильмдерде, жарнамада және басқа салаларда ЛГБТ үгіт-насихатына тыйым салатын заңға өзгерістер енгізу мәселесін талқыланды.

Мәжіліс отырысы кезінде депутат Айна Мурсалимова жаңа заң үйлену тойларында отбасылар балаларымен бірге қатысатын шараларда әдепсіз элементтері бар конкурстар мен ойындар өткізілетіні жайлы айтты.

«Түрлі ойындар өткізіледі. Олардың ішінде сексуалды сипаттағысы да аз емес. Халқымыз балаларымен бірге тойларға барады. Заңда порнографияны, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттайтын және балаларға зиян келтіретін массмедиа, әдебиет, мәдени-көркем іс-шараларды пайдалануға тыйым салынатыны жазылған», – деді ол.

Мәдениет вице-министрі Евгений Кочетовтың айтуынша, заңда қолданылған тұжырым бойынша бұл тыйым барлық көрермендік іс-шараларға, соның ішінде тойларға да таралады.

Алайда шенеунік бұл жаңа норма екенін және оның нақты қалай қолданылатыны мен бақылау тетіктері қандай болатыны әзірге белгісіз екенін атап өтті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow