«Димаш туған үйге барған»: Раушан Құдайберген төркіндетіп жүр (ФОТО, ВИДЕО)

Қазан 20, 2025 - 12:36
«Димаш туған үйге барған»: Раушан Құдайберген төркіндетіп жүр (ФОТО, ВИДЕО)
Фото: әлеуметтік желі

Әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайберген ұзатуынан кейін алғаш рет төркініне қонаққа барды. Бұл сәтті ол өзінің Instagram парақшасында бөлісіп, көпшіліктің жылы ықыласына бөленді деп хабарлайды sadaq.kz.

Бейнежазбада Раушанды ата-анасы мен туыстары қарсы алып, дастархан жайып, қуанышпен құшақ жая қарсы алғаны көрінеді. Көпшілік желіде: «Қыздың төркінге оралуы – әр ананың арманы», «Жаңа өмір бастаса да, ата-анасын ұмытпағаны қуантады» деген пікірлер қалдырды.

Ең әсерлі сәттердің бірі Раушанға арналып орындалған «Раушан гүлім» әні болды. Туыстарының бұл тосын сыйы көпшіліктің жүрегін елжіретті.

Раушан Құдайберген жақында ғана ұзатылып, тұрмысқа шыққан болатын. Оның тойы әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып, ел назарын аударған еді.

Қазір желі қолданушылары блогердің жаңа өміріне қатысты жаңалықтарды қызығушылықпен бақылап отыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Дулат Айтжанов (@dulat_aitzhanov_04_kz)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash_Latvia_Dears (@dimash_latvia_dears)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow