«Дипломы бар домбырашымын»: Мөлдір Әуелбекова бесаспап екенін айтып, мақтанды (ВИДЕО)

Мамыр 21, 2026 - 12:15
app_badging Мамыр 21, 2026 - 12:18
chat_bubble  0 visibility  1
«Дипломы бар домбырашымын»: Мөлдір Әуелбекова бесаспап екенін айтып, мақтанды (ВИДЕО)
Коллаж: Sadaq.kz

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желідегі парақшасында өнердегі достық пен домбырашылық қыры жайында жазба жариялады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Өнер иесі концерт барысында ән айтып қана қоймай, домбырамен күй орындағанын да атап өтті.

«Өнерде достық бар. Соның бір көрінісі Ұшқынмен жылдарға созылған шығармашылық достығымыз. Көп әндерімнің авторы өзі. Бүгін концертте әнім де айтылды, домбырамен күй де төгілді»,– дейді ол.

Әнші өзінің жан-жақты екенін айтып, бір мақтанды. 

«Көпшілік мені эстрада әншісі ретінде таниды, оған қоса мен дипломы бар домбырашымын. Оны да ұмытпай жүріңіздер. Ұстазым Бақыт Райымбекова домбырамен көрген сайын риза болатыны сөзсіз! Алғыс! «Бесаспап қыз» деген мен ғой»,– деп жазды әнші.

Желі қолданушылары  да әншінің көпқырлы өнеріне тәнті болып, жылы лебіздерін арнады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0