Дональд Трампқа қастандық жасалмақ болды
АҚШ Президенті Дональд Трампқа қастандық жасалмақ болды. Трамптың Флоридадағы Мар-а-Лаго резиденциясының аумағына қаруланған жігіт кіріп кеткен, деп хабарлайды Sadaq.kz.
New York Post басылымының мәліметінше, түнгі шамамен сағат 1:30-да Мар-а-Лаго резиденциясының солтүстік қақпасы маңынан жасы шамамен 20-дағы ер адам байқалған. Ол өзімен бірге шолақ мылтыққа ұқсас зат және жанармай құйылған канистр алып жүрген.
Ұстау әрекеті кезінде ол мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында қарсыласу туындап, нәтижесінде тәртіп сақшылары оқ атқан. Алған жарақаттарынан ер адам оқиға орнында көз жұмды. Қаза тапқанның аты-жөні әзірге жарияланған жоқ.
Ведомство өкілдері құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ешқайсысы зардап шекпегенін атап өтті. Ал Дональд Трамп пен Құпия қызметтің қорғауындағы өзге де тұлғалар оқиға кезінде резиденцияда болмаған.
Оқиғаға байланысты тергеуді Федералдық тергеу бюросы, Құпия қызмет және Палм-Бич округі шерифінің кеңсесі жүргізіп жатыр. Атысқа қатысы бар қызметкерлер ішкі тексеріс кезеңінде уақытша қызметінен шеттетілді.
Айта кетейік, бұған дейін Дональд Трампқа 2024 жылдың шілде және қыркүйек айларында екі рет қастандық жасалған. Кейін АҚШ-та Трампқа қатысты тағы бір қастандық әрекеті туралы мәлімделген.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0