Дубайда зәулім ғимаратқа дрон соғылды

Наурыз 12, 2026 - 09:55
chat_bubble  0 visibility  1
Дубайда зәулім ғимаратқа дрон соғылды
фото: видеодан скриншот

Дубайда зәулім ғимаратқа дрон соғылғаны туралы ақпарат тарады. Оқиға қаладағы Dubai Creek Harbour маңында болған, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, дрон көпқабатты тұрғын үйге соғылып, ғимараттың жоғарғы қабаттарында өрт шыққан. Оқиға орнына жедел қызметтер келіп, тұрғындарды эвакуациялаған.

БАӘ билігі өрттің тез арада сөндірілгенін және тұрғындардың қауіпсіз жерге шығарылғанын мәлімдеді. Алғашқы ақпарат бойынша, зардап шеккендер туралы нақты дерек жарияланбаған. 

Кейбір мәліметтерде дрон Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты жасалған шабуылдардың бірі болуы мүмкін екені айтылады. Соңғы апталарда аймақта дрон және зымыран шабуылдары жиілеген.

Еске салайық, бұған дейін де Дубайда әуе қорғанысы жүйесі жойған дрондардың қалдықтары биік ғимараттарға құлап, өрт шығуына себеп болған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0