«Дұға жасайық»: Сәкен Майғазиев Кенжебек Жанәбіловтің қазіргі жағдайын айтып берді
«МузАРТ» тобының әншісі Кенжебек Жанәбіловтің денсаулығына қатысты жаңа ақпарат белгілі болды. Өнердегі әріптесі Сәкен Майғазиев әншінің жағдайын біліп, ауруханаға барып қайтқан.
Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында Кенжебектің қазіргі жағдайы туралы жазды.
Оның айтуынша, әнші екі күн бұрын өзін жайсыз сезініп, қатты қысылған. Қазір жағдайы біршама тұрақталғанымен, дәрігерлердің бақылауында. «Еренсау» дәрігерлеріне алғыс білдірген Сәкен Майғазиев Кенжебек Жанәбіловтің тәжірибелі дәрігер Алмат Егізековтің жіті бақылауында екенін атап өтті.
Мамандар Қазақстанның жоғары білікті кардиологтарымен консилиум өткізіп, әрі қарайғы емдеу тәсілін анықтауды жоспарлап отыр. Әншіге бірнеше рет тексеруден өту ұсынылған.
Сәкен Майғазиевтің жазуынша, дәрігерлер ота жасау қажет деген шешімге келсе, Кенжебек Жанәбіловке бірнеше ай сахнадан алыстап, тынығуға тура келуі мүмкін. Өнер иесі әріптесіне дұға жасап, тезірек сауығып кетуін тілеген.
«Кенжебек Тұрсынбайұлына дұға жасап қоялық. Алла шипа берсін. Ауырып жатқан жанның уайғысын уайымдап, көңіл-күйін көтеріп кету – сауатты азаматтардан», – деп жазды Сәкен Майғазиев.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
1
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0