«Екеуміздің көз жасымыз бар»: Мөлдір Мұқан әсерлі жазба жариялады

Шілде 2, 2026 - 15:18
chat_bubble  0 visibility  2
«Екеуміздің көз жасымыз бар»: Мөлдір Мұқан әсерлі жазба жариялады
Фото: Видеодан скрин

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың тұнғыш қызы Әдемі Тұрсынбекқызы Дубайдағы үздік университтеттердің бірін аяқтап, диплом алды, деп хабарлайды 

Бұл туралы оның анасы Мөлдір Мұқан желідегі парақшасында жариялап, аналық тілегін жолдады. 

"Тұла бойым тұңғышым дипломын алды. Шүкір, осы күнге де жеттік!
Адемок, сен білесің, бұл диплом бір жапырақ қағаз боп тұрғанымен, оның артында екеуміздің сабырымыз, көз жасымыз, сенің үлкеен еңбегің бар! Көзіңдегі отың сөнбесін! Алла ғұмыр, денсаулық, күш-қуат берсін, мен әр белесіңде жаныңнан табыламын! Саған сенемін! Барлық аналардың қуанышы баянды, қыздарының жолы ашық болсын!", - деп жазды ол. 

Оқырмандар өнер иесін құттықтап, ақ тілектерін жарыса жазды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0