«Елден кетіп қалуыма көптеген себеп болды»: Шерзат Полаттың әкесі қиындығын айтты

Марқұм Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов ұлы мен бауырының өлімінен кейін қандай жағдайға душар болғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол елден не себепті кеткісі келгенін түсіндіріп өтті.
«Қазақстаннан кетуіме көптеген себеп болды. Ол жерде бір емес бірнеше жағдай болды. Оны ашып айтудың қажеті жоқ. Үй мәселесі, бауырымның мәселесі. Кейін уақытша ұстау изоляторында отырғанымда да көптеген дұрыс емес шешімдер болып кетті. Содан кейін қазірше бой тасалап, басқа мемлекетте болуды қаладым. Кейін ақша жинау туралы шоттар да ашылып кетті. Оған менің қатысым жоқ», - дейді Қаржаубай Нұрымов.
Ол өз сөзінде халықтың митингке шығу мәселесі болғанын да айтып өтті.
«Халықты арандатпауым керек болды. Көптеген ойлар, жаман пікірлер, митингке шығу сияқты. Елдің бүлінгенін қаламадым. Мен тек әділдік қана сұрадым», - дейді Шерзат Полаттың әкесі.
Сіздің реакцияңыз қандай?






