Елена Рыбакина Australian Open турнирінің чемпионы атанды

Қаңтар 31, 2026 - 16:05
Қаңтар 31, 2026 - 17:31
 0  2
Елена Рыбакина Australian Open турнирінің чемпионы атанды
Фото: Getty Images

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2026 жылғы Australian Open турнирінде топ жарып, мансабындағы екінші «Үлкен дулыға» атағын жеңіп алды.

Мельбурнде өткен финалда қазақстандық теннисші Беларусь өкілі, әлемнің үздік ойыншыларының бірі Арина Соболенконы үш сетке созылған тартысты кездесуде жеңді — 6:4, 4:6, 6:4. Шешуші үшінші партияда Рыбакина 0:3 есебімен ұтылып жатқан.

Алайда ол мінез көрсетіп, ойын барысын толық өз қолына алып, матчтың тағдырын өзгертіп жіберді. Нәтижесінде Елена керемет камбэк жасап, чемпиондық титулды еншіледі.

Осы жеңіспен Елена Рыбакина мансабындағы ең ірі титулдарын мына тізімге қосты: Уимблдон-2022 Маусым қорытындысы турнирі (WTA Finals)-2025 Australian Open-2026 Ал жалпы Рыбакинаның еншісінде WTA деңгейіндегі 12 титул бар.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0