Елімізде 37 градусқа дейін ыстық күтілуде

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің мәліметінше, 26, 27 және 28 сәуір күндері еліміздің басым аумағында атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Көптеген өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді. Кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Әсіресе, 27 сәуірде Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарында, 28 сәуірде Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында толассыз жауын жауады деп күтілуде.
Бұдан бөлек, республиканың батысында, шығысында және оңтүстік-шығысында тұман түседі. 26 сәуір түнінде Абай облысында, 26–27 сәуір аралығында Шығыс Қазақстан облысында 1–3 градусқа дейін үсік жүруі ықтимал. Ауа температурасы қалай өзгереді?
Батыс өңірлерде түнгі ауа температурасы 10–15 градустан 2–10 градусқа дейін төмендейді.
Күндіз 20–27 градустан 6–14 градусқа дейін салқындайды.
Оңтүстік-батыста түнгі температура 12–20 градустан 7–15 градусқа дейін түсіп, 28 сәуірде күндізгі температура 10–18 градусқа дейін төмендейді.
Солтүстік-батыста түнде 10–17 градустан 7–12 градусқа дейін төмендейді, күндіз 20–28 градустан 12–22 градусқа дейін түседі.
Солтүстік өңірлерде түнгі температура 5–10 градустан 10–17 градусқа дейін көтеріледі, ал күндіз 21–28 градустан 18–23 градусқа дейін төмендейді.
Орталық Қазақстанда түнде 5–15 градустан 12–17 градусқа дейін, ал күндіз 23–30 градус аралығында жылы ауа райы сақталады.
Шығыста түнде 1–8 градус жылы болып, солтүстік-шығыста 1–3 градус үсік жүруі мүмкін. Күндіз 20–27 градустан 23–31 градусқа дейін жылынады. Оңтүстікте түнгі температура 15–20 градустан 17–23 градусқа дейін жоғарылап, күндіз 28–33 градустан 32–37 градусқа дейін ыси түседі.
Оңтүстік-шығыста түнде 5–17 градустан 10–20 градусқа дейін көтеріледі, күндіз 22–30 градустан 27–35 градусқа дейін ысиды.
Сәуір айының жалпы ауа райы қандай болады? Бұған дейін Қазгидромет мамандары 2025 жылғы сәуір айына арналған кеңес сипатындағы болжамды ұсынған болатын. Онда айдың алғашқы онкүндігінде жаңбыр жауып, солтүстікте қар мен көктайғақ болуы мүмкін екені айтылған.
Желдің екпіні кей жерлерде 20 м/с-қа дейін жетеді. Ай ортасында жаңбыр мен сулы қар жауады деп күтілсе, ай соңында көбіне жауын-шашынды ауа райы сақталады.
Температуралық ауытқулар -5 градустан +32 градусқа дейін жетуі ықтимал.
Сіздің реакцияңыз қандай?






