Елімізде имамдардың қанша жалақы алатыны белгілі болды

Сәуір 14, 2025 - 09:32
 0  71
Елімізде имамдардың қанша жалақы алатыны белгілі болды
фото: видеодан скриншот

Қазақстанда 800-ге жуық дін қызметкері жалақымен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды Sadaq.kz ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Діни басқарманың мәліметінше дін қызметкерлері ең төменгі жалақы, яғни 85 мың теңге алып отыр.

«ҚМДБ-ның 2021 жылғы кеңейтілген қорытынды мәжілісінде Бас мүфтидің бастамасымен 200 имамға жыл бойы ең төменгі жалақы көлемінде айлық тағайындалған еді. 2023 жылы бұл көрсеткіш 532 дін қызметкеріне өсті», - деп жазылған хабарламада. 

Оның ішінде өзін-өзі қаражатпен қамтамасыз ете алмайтын 200 ауыл имамы, үздік 200 медресе шәкірті және 132 медресе ұстазы бар.

«Ал қазіргі таңда ҚМДБ ұйымдастыруымен 800-ге жуық дін қызметкері жалақымен қамтамасыз етілуде», - деді ҚМДБ.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0