Embraer апат болған ұшақта қандай да бір ақау барын жоққа шығарды
Бразилиялық авиация саласындағы Embraer консорциумы Ақтаудағы әуе апатына ұшыраған ұшақтан ұшуға кедергі келтіретін ақаулардың анықталмағанын ресми түрде мәлімдеді
Oxu.Az мәліметінше, Azerbaijan Airlines (AZAL) Embraer компаниясы 190 ұшағында болған оқиғаға қатысты қаза тапқан жандардың жақындарына көңіл айтып, ұшақтың ұшып-қонуына кедергі келтірмеген.
«Біз оқиға барысында қаза тапқандардың отбасы мүшелеріне, достарына, әріптестеріне және жақындарына қатты қамығып, көңіл айтамыз. Біз жағдай барысын мұқият бақылап отырмыз және тиісті органдарға толық қолдау көрсетуге дайынбыз» деп айтылған мәлімдемеде.
Ұшақ шығаратын Embraer компаниясы тиісті органдарға көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. Алайда, компания ұшақтың осы моделінде ұшуға кедергі келтірген ақаулардың анықталмағанын ресми түрде мәлімдеді.
Бұл мәліметті AZAL компаниясы да растап отыр.
«Ұшақтың жалпы - 9 949 рет ұшып-қонған, жалпы ұшу уақыты - 15 257,22 сағат. Ұшақ толық техникалық тексерістен 2024 жылдың 18 қазанда өтті. Соңғы тексерістен кейін 671 сағат ұшқан», делінген Әзірбайжан авиация компаниясының түсіндірмесінде.
Orda.kz
Сіздің реакцияңыз қандай?